• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел - бір кітап" - 2008

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері биылғы жалпыұлттық оқуға жалпыадамзаттық және ұлттық гуманизм идеяларын, тарихи-мәдени дәстүрлерді айқындайтын, тарихи күретамырды дөп басатын қазақ классигі М.Әуезовтың "Қилы заман" повесін ұсынды, соңғы таңдау "Қилы заман" повесіне түсті. Бұл бір жағынан - сол кезеңдегі қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, жарасымды табиғатымен қоса адамдар арасындағы әлеуметтік тартысты сөйтіп оның ақыры қазақтардың көтерілісіне әкелген жағдайды шебер суреттейтін көркемдік құны жоғары шығарма, ал екінші жағынан - 1916 жылғы қазақ даласындағы көтеріліс - Қазақстан тарихындағы дүбірлі кезеңді көрсететін туынды. Шығарма өткірлігімен әрі әлеуметтік тартыстардың шиеленісімен оқырманға тартымды. "Қилы заман" 1928 жылы жазылып бітті, ал 1930 жылдан бастап оған тыйым салынды. Сол кезеңдерде бұл шығарма түрлі сынға ұшырады, оны қаралауға шыққандар аса белсенділік танытты. Тек өткен ғасырдың 70 жылдарында "Қилы заман" өз оқырмандарымен қайта табысты. Осы кітаптың орыс тілінде шыққан кіріспесіне Шыңғыс Айтматов былай деп жазды: "Шығыс әдеби шығармаларынан мен қарапайым адамдардың басына түскен трагедияларына қарамастан билікке қарсы аянбай күрескенін, сол әрекеті үшін ауыр жазаға ұшырағандарын, сөйтіп өз жерлерінен қуылған аянышты жағдайды керемет суреттеген, өз халқына жанашырлық танытатын осындай кітапты мен кездестірмеп едім". Әуезовтің повесінде ұлттық сананың қалыптасуы нақты суреттелген, ал елдің дамуының әр кезеңінде оның нығая түскенін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі. Олар - Алаш қозғалысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Қазақстанның бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізген және өзінің әлемдегі лайық орнына ие болған кезінде біз тәуелсіздіктің қаншалықты қиындықпен орнағанын ұмытпаумыз керек. Осы тұрғыда М. Әуезовтың "Қилы заман" повесі өткен ғасырдың басында өз құқықтары үшін билікке қарсы шыққан, жер мен ел намысын батыл қорғай білген нағыз патриоттар деп бағалауымыз керек. Акция күндері Қазақстанның кез келген нүктесінде кездесулер, әңгімелер, "дөңгелек үстелдер", оқу марафондары өтеді, көрмелер ашылады. Бұл шаралар М.Әуезовтың "Қилы заман" повесін жете түсінуге, оның автор творчествосындағы орны мен мазмұнын анықтауға және біздің рухани өміріміздегі орнын айқындауға бағытталады. 



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу